RU
Қазақ дәрігерлерінің адам сенгісіз ерлігіне жергілікті тұрғын тәнті болды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ дәрігерлерінің адам сенгісіз ерлігіне жергілікті тұрғын тәнті болды

Рассказать Вконтакте

Алматылық жас отбасы ұлдарының өмірін сақтап қалған дәрігерлердің ерлігі туралы айтты. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қазақ дәрігерлерінің адам сенгісіз ерлігіне жергілікті тұрғын тәнті болды

Абылайхан мен Екатерина есімді жас жұптың шаңырақ көтергендеріне сегіз жыл. Екеуінің көз қуанышына айналған бес баласы бар. Үлкен қыздары жеті және бес жаста. Одан кейінгі егіз ұлдары 2015 жылы үшінші шілдеде өмірге келген. Егіздерден кейін де тағы ұлды болған.

Алайда, жас отбасы егіз ұлдары дүние есігін ашқаннан кейін тағдырдың сынына ұшырап, тауқымет тартады.

- Ұлдарымды уақытынан ерте, алты айлығында босанып қойдым. Перзантханаға барғанымда, дәрігерлер босанатынымды айтты. Әрине, шала туғандықтан жиырма екі күн бойы сәбилерім жан сақтау бөлімінде жатты. Алдымен Өкпені жасанды желдету аппаратында, одан соң СИПАП аппаратына ауыстырды. Біраз уақыт өткеннен кейін Кувезден (инкубатор) шығып, екінші кезеңге өттік. Екінші кезеңге өткен уақытта негізді дәрігерлердің, яғни отоларингологтың, окулистің тексерісі басталды.

Балалардың көзін, құлағын тексерді. Сол уақытта бізге Көз аурулары ғылыми зерттеу институтынан Шарипова Әсел Үсенбайқызы деген дәрігер келді. Көз аурулары институтының дәрігерлері қаладағы барлық перзентханаларды арнайы аралап, шала туған балаларды тексереді екен. Олардың бойында қандай да бір сыртқат белгілері болса, соларды анықтайды. Әсел Үсенбайқызы біз жатқан перзентханаға келіп, менің сәбилерімді тексеріп, шала туған балалардың ретинопатиясы деген диагноз қойып, шұғыл түрде ота жасау керектігін айтты, -деп еске алады Екатерина. 

Бұл отаның аты «көздің ішкі тор қабығына лазерлі коагуляция» деп аталады екен. Алғашында қорыққан Екатерина талай күнді жылаумен өткізеді.

«Бірақ мен дәрігерге сендім. Бізге қойылған диагноз – көз түбінің жетілмеуі болды. Сондықтан басқа жақтан дәрігер іздеу, өзге елге апару туралы ойлауға шамамыз да болған жоқ. Сәбилеріме отадан бастап емнің барлығы тегін жасалды. Алдымен узиге түсіріп, одан соң отаға дайындадық. Рамиліме екі ота, ал Мүсілімге бір ота жасады», - дейді ол.

Қазақ дәрігерлерінің адам сенгісіз ерлігіне жергілікті тұрғын тәнті болды

Дәрігерлерге балаларының өмірі үшін қарыздармын деп есептейтін Екатерина дәрігер Әсел Үсенбайқызы да, Көз аурулары институтындағы басқа дәрігерлер мен медбикелер де өз жұмыстарын өте жақсы білетін, науқастарға немқұрайлы қарамайтын мамандар деп алғысын жаудырып отыр.

Тағы оқыңыздар: Дастан Оразбековтің әйелі күйеуі мен Жанар Дұғалованың қарым -қатынасына пікір білдірді

«Әсел Үсенбайқызы, мәселен, менің балаларымның көзін зағиптықтан сақтап қалды. Құдайға шүкір, мүлде көрмей қалған жоқ. Қазір екеуі де көреді. Ретинопатия тоқтады. Әрине, арнайы көзілдірік киіп жүреді. Ары қарай көзілдірікпен түзетеміз деп отырмыз. Осының бәрі өзіміздің дәрігерлердің еңбегі, уақытында қолға алып, ем жасағанының арқасы», - дейді Аллаға мың да бір шүкіршілік айтқан ана.

Осы ретте отандық медицинаның жетістігі мен біліктілігі шүбә келтірмеген Екатерина: «Ауруханада менімен бірге балалары сырқатпен туған аналар жатты. Олар дәрігерлердің сөзін тыңдамай, отасыз-ақ жазылып кетеміз дейтін. Өкінішке орай, соның салдарынан көптеген сәбилердің көзі мүлде көрмей қалды. Сондықтан мен өзіміздің дәрігерлерге имандай сенемін және еңбектерін бағалаймын. Сол кезде балаларымды аман алып қалатынына да сендім. Олардың айтқанын бұлжытпай орындадым. Мәселен, ғаламторда бір топтағы аналар Ресейге, Германияға барып ота жасаттық деп жазып жатады.

Қазақ дәрігерлерінің адам сенгісіз ерлігіне жергілікті тұрғын тәнті болды

Бірақ мен олармен өзімді ешқашан салыстырған емеспін. Себебі, біздің жеткен нәтижеміз олардан кем емес. Олардың арасында диагнозы кешігіп қойылған, бізде емделгісі келмей жүре беріп, балаларының көзін соқыр қылып алғандар бар. Меніңше, олардың көбі Көз аурулары институтына ешқашан жүгінбеген, онда Әсел Үсенбайқызы сияқты білікті дәрігерлер жұмыс істейтінін білмейді. Жалғыз мен емес, тағы бірнеше ананы білемін.

Бір танысымның егіз қызына Әсел Үсенбайқызы ота жасады. Қазір қыздары жүгіріп жүр. Ол да, өзге аналар да қазақстандық дәрігерлердің қызметіне риза. Қазақстандық медицина шетелдегі, Қытайдың, Германияның медицинасынан ешқандай де кем емес. Керісінше, біздегі емделушілердің көбінде алғыс айту сезімі жоқ сияқты көрінеді маған. Біз, мінекей, шетелге бармасақ та, басқа елдің дәрігерлеріне жүгінбесек те, өз дәрігерлеріміздің арқасында сәбилерімізді құшағымызға алып, аман-есен өсіп жатырмыз. Сол үшін Көз аурулары ғылыми институты мен Әсел Үсенбайқызына алғыс айтамын», - деп ағынан ақтарылды.

Сіздің реакцияңыз
2
2
4
4
3
28
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel