RU

Павлодарлық келіншек орыс тілінде сөйлеуін талап еткендерге қарсы аштық жарияламақ

Керекуде туратын қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі босағасынан «говорите по русский» деп қарсы алатындарға қарсы аштық жарияламақ. Ол қазақ тілін менсінбегендер өзінен кешірім сұрамаса осындай қадамға баратынын айтты деп хабарлайды "Дала мен қала" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Қазақтар! Шыдамым жетті, осыны көзімді жасқа бұлап әзер жазып отырмын. Бүгін, таңертең ұлттық экспертиза бөлімінің, лабораториясында, басшысы Биляловқа барғанымда 10-15 минут «говорите по-русский» деп менің алдымда әйнектерін тарс жауып ұстап тұрды. Әрең дегенде ар жағынан біреу келді де, шаруамды айттым. Кері қайтқанда бұрынғы «Ласточка» базары, қазір «производственное объединение лидер» ғой деймін, соған кірдім, тамақ алмаққа. 1,5-2 айдың төңірегінде үш-төрт рет келдім. Ылғи қазақша емес, музыка бағамдары тек орыс тілінде», – деп жазады қоғам белсендісі.

Тағы оқыңыздар: Қазақ дәрігерлерінің адам сенгісіз ерлігіне жергілікті тұрғын тәнті болды

Рузаның қатты қорланғанына аталған мекеменің директорымен болған кикілжің себеп болған. Тіл жанашыры үнемі орыс әндерінің ойнап тұрғанына ескерту жасамақ болған.

"Павел деген директорларына кез болдым. Айтарымды айтқаннан кейін, «руский никто не отменял, у нас 2 языка, вы националистка, вы мешаете работать. Вас с силой вывести отсюда либо сами выйдете отсюда?!» дегеннен кейін шығып кеттім. Қорланғаным сонша, аштық жариялайын деп отырмын…Басқа жол қалмады", – дейді Руза Бейсенбайтегі.

Руза ханым енді басшы Павел өзінен кешірім сұрамаса қалалық әкімшіліктің алдында аштық жариялайтынын мәлімдеді. Ал полиция ұстап әкетсе, қамауда жатып жалғастыра бермекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636347-pavlodarlyq-kelinshek-oryssha-soyleui.html