RU

Ғаламторда NUR.KZ атын жамылған алаяқтар тобы пайда болды

Әлеуметтік желіде NUR.KZ порталы еліміздің тележүргізушісі туралы жалған ақпарат жариялады деген хабарлама тарауда. Осыған орай, NUR.KZ порталы Майя Бекбаеваның көзі соқыр болып қала жаздағаны туралы ешқандай материал жария етпегенін ресми түрде мәлімдейді.

Тележурналист Мая Бекбаева Facebook парақшасында өзі туралы жалған ақпараттың жарияланғанын жазып, бұған қатысты ренішін білдірген болатын.

Тағы оқыңыздар: Дастан Оразбековтің әйелі күйеуі мен Жанар Дұғалованың қарым -қатынасына пікір білдірді

"Біраз уақыттан бері интернет-алаяқтар арықтайтын заттардың жарнамасынан бастап, менің атымды пайдаланып келеді... Алайда соңғы өтірігі мені есеңгіретіп тастады. Мен әлдебір алматылық офтальмологиялық орталықпен көзім соқыр болып қала жаздағаны үшін соттасып жатыр екенмін... Тіпті суфлерден жазбаны оқи алмай жүрген мені керемет бір дәрілік зат құтқарыпты-мыс. Адамдар, бұған сенбеңдер, сендердің бұл жалған ақпараттан зардап шеккендеріңді қаламаймын... Айтпақшы, алаяқтар оны NUR.KZ интерфейсіне ұқсатып, жасаған екен", - деп жазады Майя Бекбаева.

Осы орайда NUR.KZ порталы да желі қолданушыларын бұл жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады. NUR.KZ порталы "Майя Бекбаева: Алматылық медициналық орталықтың кесірінен мен екі көзімнен айырыла жаздадым" деген тақырыппен ешқандай мақала жария етпегенін ресми түрде мәлімдейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636394-ghalamtorda-nur-kz-atyn-zhamylghan-alayaqtar-t.html