RU

Мөлдір Әуелбекова қатал ұстазы Баянның жолын қумақшы

Декреттік демалыстан ерте шыққан Мөлдір Әуелбекова енді әнші ғана емес, продюсер де атанбақ.

Жақында қыздар арасында іріктеу өткізген әншінің айтуынша, топта үш қыз болады, топтың аты әзірге белгісіз. Десе де қыздар үшін ән таңдалынып қойған, бейнебаян түсіретін түсірілім ұжымы да сақадай сай отыр.

Жас продюсер өзінің бұл бастамасы жайында былай деп сұқбат берді.

"Тек қана сол үш қыздың басын қосып вокал және би жағын дайындап сол бейнебаянды түсіріп халыққа көрсету ғана қалып тұр. Келісім шарт жағы қарастырылған жоқ. Енді кішкентай мерзім болады деп айта алмаймын.

Бірақ қыздар тұрмысқа шығам деп жатса, мен бағын байламаймын. Ешқандай хақым жоқ, ол жағын да қарастырдық. Енді жаңадан келген қыз тез арада кетіп қалмайтын шығар. Ұзақ жұмыс істеуге тырысатын боламыз", - дейді әнші.

Тағы оқыңыздар: Павлодарлық келіншек орыс тілінде сөйлеуін талап еткендерге қарсы аштық жарияламақ

Қатал продюсердің мектебін көрген Әуелбекова өз қыздарынан тәртіпті талап етемін деп отыр. Топтың жас ерекшелігі де шектеулі.

«Ең бірінші талап таланты мен әр қыз өзі жеке орындаушы болса екен деп армандаймын енді. Сондай мақсат енді және де тәртіп. Тәртіп жағы дұрыс болса деймін.

Біз жасқа шектеу қойдық 19 жас пен 25 жас аралығында. Өйткені 19-ға дейінгі қыздар әлі кәмелетке толмаған қыздар. Ол үлкен жауапкершілік ата-ананың алдында да қыздардың алдында да. Кішкене студент қыздар болса деп ойладық.

25-тен кейін алмаған себебіміз: 25-тен кейін қыз тұрмысқа шыққысы келеді. Одан келісім шартқа келіспеуі мүмкін сол себепті осындай шектеу қойдық», - дейді Мөлдір.

Тағы оқыңыздар: Танымал ресейлік актер ойламаған жерден өзінің қалай мұсылман болғанын айтты

Тұрмыс құрғаннан кейін елордамыз Астанаға қоныс аударған әнші өнер ордасы Алматыға қайта келіпті.

«Біраз уақыт болды. Бүкіл өнер ордасы осында болғандықтан, декреттік демалыстан шыққаннан кейін жұмысқа кірісудің амалы - осы Алматыға көшу болды. Сол себепті қайтадан осы өзіміздің өнер ордасына қоныс аударып, қазір міне, өздеріңіз көріп отырғандай түбегейлі өнеріме кірістім», - деп түсіндірді Әуелбекова қоныс аударуының себебін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636400-moldir-auelbekova-ustazy-bayannynh-zhol.html