RU

Түймебаев: Бүгін әкім болмай, рахаттанып отырмын (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  өзі оқыған мектепке барып, ұстаздармен болған кездесудегі әсерімен бөлісті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Жансейіт Түймебаев ұстаздар мерекесі қарсаңында өзі оқыған Шымкент қаласындағы №12 мектеп-интернатында болды. Мектептің тіршілігімен танысқан Түймебаев ардагер оқытушылармен қездесіп, құрмет көрсетті.

Олардың қатарында өзінің сынып жетекшісі болған әрі математика пәнінен сабақ берген Сара Қабылбекова мен химия пәнінің оқытушысы Дариға Жансейітовалар да бар. Жарты ғасырдан астам тарихы бар білім ордасында болған аймақ басшысы ұстаздарының алдында ағынан жарылды.

Тағы оқыңыздар: Танымал ресейлік актер ойламаған жерден өзінің қалай мұсылман болғанын айтты

«Осы мектеп қабырғасында мыңдаған шәкірттерге тәлім берген ардагер ұстаздарымыздың еңбек жолы - әрдайым шәкірттер үшін өшпес өнеге. Білім ұйымының әрбір жетістігі - ұстаздар ұжымы мен оқушылардың бірлесе атқарған қажырлы еңбегінің жемісі», - деген облыс әкімі ұстаздарының алдында өзін оқушы ретінде сезініп отырғанын да жеткізді.

«Сіздердің білімдеріңіздің арқасында осы жағдайға жеттік... Менің қуанатыным, біз оқып жүрген кездегі сіздердің білімге деген құрметтеріңіз, сіздердің бізге сіңірген еңбектеріңіз өте зор. Бүгін бірінші рет әкім болмай, араларыңызда оқушы болып рахаттанып отырмын», - деді Түймебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636502-tuymebaev-bugin-akim-bolmay-rakhattan.html