RU

Павлодарда бес жасар қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен өгей әке қамауға алынды

Павлодарда бес жасар қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен өгей әке қамауға алынды. Бірақ бүлдіршіннің анасы күйеуін ақтап әлек деп хабарлайды КТК арнасы.

Наталья Кудинскаяның айтуынша, бұл - қыздарының туған әкесінің екінші күйеуіне қарсы қасақана ұйымдастрып отырғаны ісі екен.

Дегенмен осындай шағымнан соң полицейлер 30 жастағы азаматты қамап, тергеуді бастаған. Ал бұл отбасындағы қыздардың үлкені балалар үйіне тапсырылса, кішісі ауруханада жатыр.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда зейнеткердің итін ұрлап жеп қойғандар елді шошытты

Үш және бес жастағы қыздарын бұрынғы күйеуіне жіберген Наталья енді оларды бір көруге зар. Айтуынша, пәтеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты балаларды туған әкесінің үйіне аттандыруға мәжбүр болған. Тек мұның соңы жақсылыққа әкелмепті.

"Балалармен жиі хабарласып тұрдым. Бәрі жақсы болатын. Кейін бұрынғы күйеуім оларға телефон тұтқасын бермей, сан сылтау айта бастады. Туған әкесі болғандықтан қатты алаңдамаған едім. Тағы хабарласқанымда, қазіргі күйеуің қызымызды зорлады деп айыптап, балаларды көрсетпей қойды", - дейді қыздардың анасы.

Алайда әйелдің бұған еш сенгісі жоқ. Айтуынша, азаматтық некедегі қазіргі күйеуі қыздарын туған баласындай баққан.

Ал 7 жыл отасқан бұрынғы күйеуі ажырасқалы балаларына көк тиын бермепті. Енді оның полицияға шағымдануына әкелік қызғаныш себеп дейді Наталья.

Тағы оқыңыздар: Танымал ресейлік актер ойламаған жерден өзінің қалай мұсылман болғанын айтты

Қазір кәмелет жасына толмаған жеткіншекке жыныстық сипатта азғындық көрсету бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Айыпталушы азаматқа қатысты 2 айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция берілген. Енді ол тергеу біткенше абақтыда отыруы тиіс.

Білім бөліміндегілердің айтуынша, Наталья Кудинскаяға қыздарын қайтару үшін қамқоршылық органдарына барып, тиісті құжаттарды тапсыруы қажет. Еш олқылық болмаған жағдайда балалар арнайы комиссияның шешімімен анасына қайтарылуы тиіс.

Ал қыздардың туған әкесі тілшілерге сұхбат беруден бас тартты. Ол қызына азғындық жасалғаны дәлелденсе, соттан ең қатаң жаза сұрауға бекініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636643-pavlodardynh-30-zhastaghy-turghyny-ogey-qyz.html