RU

Ұшақ апаты: Екі профессор жүкті әйелге көмек көрсету үшін Шымкентке ұшқан (фото, видео)

Алматы маңында құлаған ұшақтың ішінде болған дәрігерлердің аты-жөні белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ауыр халдегі жүкті әйелге көмек көрсету үшін үшінші қазан 18:39-да Алматыдан Шымкентке санитарлық авиация бригадасы шықты. Екі дәрігер: профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинеколог дәрігері Патсаев Талғат Анапиаұлы және профессор, Кардиология мен ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог-дәрігері Артықбаев Жәнібек Төкенұлы болды», - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанды жер жаннаты ететін 12 қызықты дерек

Ұшақта пациенттер болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан Шымкентке бағыт алған Ан-28 ұшағы Алматы әуежайынан 28 шақырым қашықтықта құлап, бортта болған бес адам қаза тапқан. Кейін ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың есімі де белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636707-ushaq-apaty-darigerler-auyr-khaldegi-zhu.html