Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы қалай?

Опубликовано:

Ақжарқын Тұрлыбай мен Мария Дапирканың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов екі қыздың да тағдырына байланысты болжамымен бөлісті деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

- Бүгінде 2600 сотталушы шетелдік түрмелерде жатыр. Олардың қатарында Ақжарқын Тұрлыбай мен Ресей азаматы Мария Дапирка бар. Екі істің арасында қандай байланыс бар?

-  Ақжарқын мен Мария есірткі тасымалдады деген айыппен сотталды. Екі оқиға да 2014 жылы болған. Гуанчжоу әуежайында Ақжарқынның сөмкесінен полиция 4,5 келі есірткі тапқан болатын. Бұдан сәл аз, 2,7 келі есірткіні Марияның сөмкесінен Вьетнам полициясы тапты. Бұл екі істе де қыздар жазасын шетелде өтеп жатыр. Істердің соңғы шешімі де ұқсас аяқталуы мүмкін. Қазақстандықтардың көпшілігі 18 жастағы нәзік қыз жалғыз өзі есірткі тасымалдады дегенге сенбейді.

Оның жағдайы туралы не айтуға болады? Әрине, оған қазір қиын. Ересек ер адамдар да түрменің жағдайына шыдай алмайды. Азия елдеріндегі түрмелерде тәртіп қатал.

Айта кету керек, Ақжарқын Қытайға алғаш рет шыққан. Бұрын оның төлқұжаты да болмаған. Есірткімен күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық орталығының хабарлауынша, Ақжарқын мен Мария Дапирка нигериялық наркомафияның құрбаны болған. Екі жағдайда да трансұлттық есірткі тобы жұмыс істегені көрініп тұр. Олар бұрынғы Кеңес одағы елдеріндегі адамдарды есірткі бизнесіне жегумен айналысып жүрген.

Тағы оқыңыздар: Алматы маңында құлаған Ан-28 ұшағының суреті пайда болды

Қылмыскерлер адамның сеніміне кіреді. Онымен махаббат құруы да мүмкін.

Ақжарқын Алматыдағы дәмханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Бармен Джонни де осы дәмханада қызмет еткен. Джонни Ақжарқынға тауар жеткізіп берші деп өтінеді. Ақжарқынға ҚХР ҚК 374 бабымен қылмыс жасады деген айып тағылды. Бұл бап бойынша, ол 20 жылға немесе өмір бойына бостандығынан айрылып немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін. 2017 жылдың қазанында осы іске нүкте қойылуы ықтимал. Бірақ уақыты өзгеруі де ғажап емес.

- Ақжарқынды елге қайтаруға мүмкіндік бар ма?

- Әрине. Бұл жерде Қазақстан-Қытай қатынасы үлкен рөл ойнайды. Ақжарқын Қытайда сотталса да, халықаралық келісім бойынша ол Қазақстанға беріледі. Алайда оның бірнеше шарты болуы мүмкін. Ол үшін бұл іс Қытай қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі шарт. Мен Ақжарқынның ісі Қытайдың қауіпсіздігіне зәредей кесірін тигізбейді деп ойлаймын.

Тағы оқыңыздар: Отандық танымал миллионер өзін "Есімовтің жиені" деп жүргендерге жауап берді (фото)

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда есірткі тасымалы үшін сотталған болатын. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған бойжеткенді Қазақстан түрмесіне ауыстыру әзірге мүмкін болмай тұр.

NUR.KZ порталына сұхбат берген Ақжарқынның анасы қызына адвокат жалдау үшін үйін сатып, бірнеше несие алғанын мәлімдеді. Бүгінде олар Ақжарқын Тұрлыбаева ақталып шығады деген сеніммен өмір сүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1636750-qytayda-omir-boyyna-sottalghan-aqzharq/

pixel