RU

Əйгілі "Руки вверх" тобының концертінде астаналық бойжеткендер көз жасын тоқтата алмады (видео)

Кеше ресейлік "Руки вверх" тобы Астана қаласында концерт берді. Топқа 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған айтулы шараға келушілер саны көп болды. 90-шы жылдардың хитіне айналған топ әнін естігенде, астаналықтардың кейбірі көз жастарына ерік берді деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

" Руки вверх" тобы Астанаға осымен бірнеше рет келіп отыр. Сүйікті топтарының хит əндерін тыңдауға келген көрерменнің қарасы бұл жолы да қалың болды.

" Мен "Руки вверх" тобын бала күнімнен сүйіп тыңдаймын. Жолдасым екеуміз балаларды ата-əжесіне тастап, осында концертке келіп отырмыз. Топтың əр əні біз үшін ерекше, себебі, онда балалық шағымыздың ыстық естеліктері жатыр. Қазір не көп, түрлі əнші,  биші көп. Бірақ, сол жылдары шыққан топтар мен əндер мəңгілік хитке айналды деп санаймыз. Жалпы, "Руки вверхтің" кез келген əнін тыңдағанда еріксіз көзге жас келеді, онсыз бұл əндерді тыңдау мүмкін емес деп ойлаймыз",-деп ағынан жарылды елорда тұрғындары.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың ата-анасы әжетхана жуып, көшеде киім сатқан күндерін еске алды

Айта кетейік, ресейлік танымал топтың 20 жылдығына орай өткізілген концертке топ мүшесі Сергей Жуков келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636795-aygili-ruki-vverkh-tobynynh-koncertind.html