RU

Астана мен Алматыдан бір бөлмелі пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау керек?

Жақында «Крыша» басылымы Астана мен Алматыда пәтер сатып алу үшін жалақы қанша болуы тиістігін көрсететін мәліметтерді жария етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Егер сіз құны 12 млн теңгелік бір бөлмелі пәтер алғыңыз келсе, онда мына мәліметтерге көз жүгіртіңіз.

Айына 150 000 теңге

Айына 150 000 теңге жалақымен бүгінгі таңда пәтерге ақша жинау мүмкін емес. Әсіресе осындай жалақы алатын адамдар жаман әдеттеріне жиі ақша шашады екен. Мәселен, темекіге, ішімдікке не болмаса құмар ойындарға. KasinoGuru сайтының мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға келетіндердің дені 150 мың теңге жалақы алады.

Айына 200 000 теңге

Пәтерді мұндай жалақымен ипотекаға алу үшін тұрғын оның ақысының кемінде 30 пайызын төлеуі тиіс. Ал бұл - 4 млн теңге. Есептеулер бойынша, ол мұндай соманы 10 жылда ғана жинай алады. Ал ипотекасыз пәтердің толық құнына ақша жинайтын болса, оған кемінде 20 жылын сарп етуі тиіс.

Тағы оқыңыздар: Əйгілі "Руки вверх" тобының концертінде астаналық бойжеткендер көз жасын тоқтата алмады (видео)

Айына 300-400 000 теңге

Егер отбасылық табысыңыз 300-400 мың теңгені құраса, алғашқы жарнасына 3-5 жылда ақша жинап үлгересіз. Әр ай сайын кемінде 50 000-100 000 теңгені пәтерге құйып отыруыңыз керек. Ипотекаға ұрынбай, бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін 7-13 жыл уақытыңыз кетеді.

Айына 500 000 теңге

Айына 500 000 теңге жалақымен бір бөлмелі пәтерді бес жылда сатып алуға болады. Мұндай жалақы сізге айына 200 000 теңгені пәтерге құйып отыруға мүмкіндік береді. Егер отбасында екі адам осындай жалақы алатын болса, онда бес жылда 40 млн теңге жинап, бизнес санаттағы кішігірім коттеджді сатып алуға болады.

Қорытынды

Өкінішке қарай, айына 150 000-200 000 теңге жалақымен тез арада пәтер сатып алу мүмкін емес. Ол үшін үлкен шыдамдылық пен ұзақ уақыт керек. Ал айына 400 000 теңге жалақы Қазақстан азаматтарының дені үшін мүмкін емес жағдай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636800-astana-men-almatyda-pater-satyp-alu-ush.html