RU

Астанада қорапта жатқан нәрестенің суреті желі қолданушыларын жылатты (фото)

Қорапта жатқан астаналық нәрестенің суреті ғаламтор бетін шарлап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Желі қолданушыларын жылатқан фото авторы Қазпошта қызметкері Тимур Моржиковтың сөзінше, сәбиді елордадағы дөнерхананың ішінен түсірген.

«Бұл суретті мен Астанадағы Бөгенбай мен Бейбітшілік көшелерінің қилысында орналасқан дөнерханадан жасырын түсіріп алдым. Баланы көрген сайын жүрегім қан жылайды. Себебі анасы дөнер жасап сатып, баласын асырау үшін нәпақа тапқанша шақалақ күн бойына кішкене ғана қораптың ішінде тыныш жатады. Мұндай ананы сөгудің қажеті жоқ. Ол қиындықтан барын салып шығуға тырмысып жүр. Мақтанышқа бола ЭКСПО жасап, ақша шашып, жалғыз басты аналарды қамқорлыққа алмағаны үшін мемлекетке ренжуіміз керек», - деп жазған Тимур Моржиков өзінің facebook желісіндегі парақшасына.

Тағы оқыңыздар: Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы қалай?

Жас ананың бар өмірі суреттелген бір ғана фото әп-сәтте ғаламтор бетін шарлап, көпшілік сәби мен анасын іздеп жатыр. Сондай-ақ олар қиындыққа төзіп, баласын тастамай еңбек еткен анаға алғысын жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636819-qorapta-zhatqan-naresteninh-sureti-zhel.html