RU

Шашының түсін өзгерткен KeшYou әншісін тыңдармандары танымай қалды (фото)

Шашын сары түске бояған КешYou тобының әншісі Элизат Берікованы желі қолданушылары сынға алды. Олар әртістің шашының түсі өзіне "жараспайтындығын" жазды.

"Жараспайды мүлдем, бұрынғы қара түс әдемі еді", "Мына түс сізді үлкен етіп көрсетеді екен, бұрынғы түсіңіз жақсы", "Қара шашың көзіңді әдемі етіп тұрады", "Бидашкаға еліктегеніңіз көрініп тұр, бірақ оған шашының түсі жарасады", "Мүлдем жараспайды",- деп жазды желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар: Əйгілі "Руки вверх" тобының концертінде астаналық бойжеткендер көз жасын тоқтата алмады (видео)

Айта кетейік, Элиза Беркованың шашының түсі бұған дейін қара түсті болған. Әнші жуырда шашынын түсін өзгертіп, жаңа образға көшті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636846-shashynynh-tusin-ozgertken-keshyou-anshisin-zhe.html