RU

Әйелін қатты қызғанған ер адам оның басын шауып тастады (фото)

Лестерде 39 жастағы Болдип Сингх есімді азамат қызғаныштан өз әйелінің басын шауып тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі баланың әкесі әйелінің көзіне шөп салып жүргеніне сенімді болған. Ол 35 жастағы жары Амандипа Каурді ашу үстінде өлтіріп тастады. Ер адам әйелінің басын балтамен шапқан.

Тағы оқыңыздар: Таразда тұратын үш жасар қыз "Кішкентай Азия аруы" атанды (фото)

Қылмысынан кейін әкесіне қоңырау шалып кеңес сұраған азамат полицияны өзі шақыртады. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр.

Сотта ер адамның әйеліне ұзақ уақыт бойы қызғаныштың кесірінен физикалық және психологиялық зорлық көрсетіп келгені анықталды. Әйелдің артында екі баласы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636903-ayelin-qatty-qyzghanghan-er-adam-onynh-ba.html