RU

Украинада ажырасқан ерлі-зайыптылар иттерін бөлісе алмай, таласып қалды

Украинаның Черкассы қаласында сот ажырасқаннан кейін итін бөлісе алмаған ерлі-зайыптыға оны жартыға теңдей бөліп беру үкімін шығарды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Судья отбасылық дауды оғаш жолмен шешуді ұйғарған. Ол бұрынғы ерлі-зайыптының итке теңдей құқы бар деген тоқтамға келіп, итті екі жартыға бөлуді жөн санайды. Осылайша иттің алдағы тағдыры енді соттасып жатқан екі тараптың шешіміне байланысты болып отыр.

Тағы оқыңыздар: Ернар Айдар хитқа айналған әнін түріктерден ұрлаған (видео)

Иттен бөлек бұрынғы ерлі-зайыпты пәтер мен Mazda Xedos 6 көлігін теңдей бөліп алуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636942-ukrainada-azhyrasqan-erli-zayyptylar.html