RU

Әйгілі неміс футболшысының жүрегін жаулаған қазақстандық ару туралы не білеміз? (фото)

Футболдан 2014 жылғы әлем чемпионы, "Дортмунд" клубының шабуылшысы Андре Шюрлле қазақстандық модельмен кездесіп жүр. Бұл туралы футболшының Instagram желісінен белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Шюрлле мен Анна Шарипованың кездесіп жүргені туралы отандық және шетелдік БАҚ-тар наурыз айында жаза бастады.

Ал жақында Анна мен Андре желідегі Instagram парақшаларына бірге түскен суреттерін жариялады.

Анна Шарипова Қазақстанда туылып, Берлинде білім алып жатқан модель. Әзірге, оның Андремен қалай танысқаны туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, Андре Шюрлле әлемдегі талантты футболшылардың бірі саналады. 2014 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісін ол канадалық Монтана есімді бойжеткенмен бірге тойлаған болатын.

Тағы оқыңыздар: Астана мен Алматыдан бір бөлмелі пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау керек?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636949-aygili-nemis-futbolshysynynh-zhuregin-zh.html