RU

Айсәуле Бақытбек: Итіме балам сияқты қараймын (фото)

Айсауле Бақытбек Cosmo.kz басылымына берген сұхбатында желі қолданушыларына танымал иті жайлы айтты. Баян Есентаеваның қызы LA есімді итіне баласындай қараймын деді.

"Мен өзімнің LA есімді итіме баласына қараған ана сынды қараймын. Егер менен ол жайлы сұрайтын болса, мені тоқтату мүмкін емес. Сағаттап айтуға бармын. Өмір бойы арманым ит асырау болды. Менің үй жануарын ұстауыма үйімдегілер рұқсат бермегенмен, барлығы оны отбасының бір мүшесіндей жақсы көріп кетті. Оның түскі ас ішетін үстелде өз орындығы бар. Ол біздің әңгімені тыңдап отырады. Ол мені әрдайым тыңдап, көмектесетін ең жақын досым.  Бүкіл әлем саған қарсы, ешкімге керек емес сынды  сезімде  үйге оралған кездері ол жаныңа келіп, өзі үшін нөмірі бірінші адам екеніңді көрсетеді. Бұл мені қуануға мәжбүрлейді",-дейді Айсәуле.

Тағы оқыңыздар: Ернар Айдар хитқа айналған әнін түріктерден ұрлаған (видео)

Еске салсақ, танымал продюсердің қызы бұған дейін итіне әкесінің тегін беріп, елді шулатқан болатын. Есентаевтардың отбасы мүшесінің біріне айналған LA есімді иттің Instagram желісінде жеке парақшасы бар.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636954-aysaule-baqytbek-itime-balam-siyaqty-q.html