RU

Бұзақы жігіт мұсылмандар отбасына кірпіш пен шошқаның басын лақтырып жіберген

Манчестерде белгісіз ер адам мұсылмандар отбасына кірпіш пен шошқаның басын лақтырып жіберді. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық қорғау органдарында хабарлағандай, жас жігіт кірпішті мұсылман отбасының үйіне лақтырғанда, ол бөлмедегі екі баланың бірінің басына тие жаздаған. Терезені кірпішпен шаққан қаскөй артынша шошқаның басын лақтырады.

Тағы оқыңыздар: Украинада ажырасқан ерлі-зайыптылар иттерін бөлісе алмай, таласып қалды

Куәгерлердің айтуынша, қылмысты жасаған жігіттің жасы шамамен 18-де. Бетін киіммен бүркеп алған азамат оқиға орнынан көлігіне отырып, ізін жасырған. Полицей жігітті іздестіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636980-belgisiz-zhigit-musylmandar-otbasyna.html