RU

Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген кездегі видеосы табылды (видео)

Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды, деп хабарлайды Абай-ақпарат Facebook белсендісі Санжар Керімбайға сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жек 1911 жылы Харбин қаласында өткен болатын. Кейбір мәліметтер бойынша, жекпе-жектің 1905 жылы болғаны айтылады. Бұл Қажекеңнің джиу-житсу бойынша жапон палуаны Саракики Джиндофумен болған жекпе-жегі. Харбинде өткен (кейбір деректер бойынша Жапонияда болған дейді) француз күресінен ресми чемпионат аяқталған кезде, Саракики кілемге шығып джиу-житсу жапон күресімен кез-келген палуанды жеңе аламын деп жариялайды.

Бұл үндеуді тек Қажымұқан ғана қабылдайды. Жекпе-жек кезінде Саракики Қажымұқанның құлағы мен астыңғы ернін жыртып, жұлып алады, дегенмен Қажымұқан Саракикиді ұстап алып, кілемге жығады. Осы жекпе-жектен кейін Саракики қайтыс болған.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде түрмеде ауызын тігіп, аштық жариялаған жігіт ғашығымен некесін қидырды (фото).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637068-ataqty-qazhymuqannynh-zhapon-paluany-sa.html