Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі блогер қазақтарды мүлде қонаққа бармауға шақырды

Опубликовано:

Ақтөбелік белсенді Серік Әбдіжәми қазіргі таңда қазақ үшін қонақ шақырудың да, қонаққа барудың да өте тиімсіз екенін алға тартады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ұлттық болмыстың жойылуына бұл да тікелей себеп екенін айтқан Серік Әбдіжәми елдегі жаппай қымбатшылық азық-түлікті де үнеммен алуға мəжбүрлейтінін тілге тиек еткен.

«Жылына бір соғым соймайтын да отбасылар бар. Ал соғымы жоқ үй үйіне қонақты қалай шақырады? Есеппен шақырады немесе мүлдем шақырмайды. Себебі кісінің үйіне қонаққа барайын десең де қолыңдағы шашуың қомақты болуы керек. Бірақ айлық еңбекақысы 50-70 мың алатын бір үйдің асыраушысы шақырған жерге қайдан 10 мың апарады? Күнделікті тіршілігіне сосын не қалады?», — деп жазады блогер жеке парақшасында.

Кешегі демалыста үйінің қоныстойын жасамаққа ниет қылып, туыстары мен ағайындарын, жекжат-жұрағаттарды шақырған Серік Әбдіжәми қонақтарының тең жартысы келмей қалғанын айтады.

Тағы оқыңыздар: Қанша адамды құтқаратын еді: Әріптестері ұшақ апатынан қаза болғандар туралы айтып берді

«Шаруамыз шығып қалды дейді (арғы жағы түсінікті: шашуға қаржы керек. Құр қол баруға ұят!). Мұндай жағдайда өзімнің де қиналып, бармай қалған сəттерім еске түсіп, еріксіз күрсінесің. Бұрын əке-шешеміз қонаққа барса барған үйінің қуанышын бөлісіп, байғазыға қой, сиыр, жылқы атайтынын көріп өскен ұрпақпыз. Ал қазір сол күйіміз қайда? Бір қойдың бағасы 20-30 мың, сиыр мен жылқының бағасын айтпасақ та болады. Қазір барлық адам несиемен өмір сүріп, тұрмыс кешіп жатыр. Басқан қадамың мен жұтқан ауаңа дейін сатулы», — дейді ол.

«25 жылда қарыштап дамыған экономикамыз осы болса, рухани жаңғыру туралы пəлсапа соғудың өзі артық-ау деп ойлаймын?! Осы ма қарыштап дамығанымыз? Біз тұрмыста тіршіліктің бəріне мұқтаж, тəуелдіміз, бірақ саяси тұрғыдан «тəуелсіз» болғанды жақсы көріп тұрамыз», — деп қорытады ойын С.Әбдіжәми.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1637166-belgili-bloger-qazaqtardy-mulde-qona/

pixel