RU

"Порно" видеосы арқылы танылған дінтанушы шымкенттік сопы туралы бар шындықты айтты

Ғаламтор желісінде көпке танымал шымкенттік дінтанушы Абдулла Бакадырға қатысты шулы ақпарат қыркүйек айында ғаламтор бетін шарлап кеткен еді. Онда танымал молда әрі қоғам белсендісі жамбылдық жесір әйелдің басын айналдырып, «зинаны адал» деп жазған хаттарының үзіндісі тарап, көпшіліктің ашуына тиген болатын. Осыған орай NUR.KZ порталының тілшісі атышулы теологпен тілдесіп, оқиғаның мән-жайын білді.

«Бұл біреулердің маған әдейілеп қолымен ұйымдастырып жасаған жаласы. Бейнежазба монтаждалған. Осы видео жарық көрердің алдында ғана мен қажылықтан оралған Құрбанәлі сопының аяғын сүйгендерді айыптап, молданың дінге қайшы істерін айтып, ақ киізге көтеретіндей тірлігі жоқ, жастардың миын улап жатқан догматол екеніне ашық пікір білдірген болатынмын.

Ол Өзбекстанда сотталып, Қазақстанда миссионерлік жасап жүрген жерінен Қызылордада ұсталып, елден қуылған. Оған ешкім әлі рұқсат берген жоқ. Қазақстан мұсылмандары басқармасына қарсы халыққа «мешітке бармаңдар, ол жерде бәрі уахабшылар» деп жалған ақпарат беріп жүрген сопысымақ», - деді Абдулла Бакадыр.

Тағы оқыңыздар: Оралда мұғалімдер орамал таққан оқушыларды мектепке кіргізбей қойған

Сондай-ақ дінтанушы хат арқылы белгісіз әйелмен хат алмасқанын мойындады.

«Ол келіншектің өзі мені қаралау үшін арнайы ұйымдастырылған болып тұр. Иә, мен ол әйелмен хат арқылы сөйлескенім рас. Бірақ кездескенім жоқ. Қазір мені қаралап жатқандарды сотқа беру мәселесін ойластырудамын. Ал, Құрбанәлінің өзін отандық телеарнаның біріне пікірталасқа шақырдым. Егер өзіне жауап беретін азамат болса келеді деп ойлаймын», - деп сөзін тәмәмдады дінтанушы.

Тағы бір айта кетерлігі, Абдулла Бакадыр осыдан бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының мешітінде баспасөз қызметкері болып жұмыс жасағанын айтты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1637185-porno-zhuldyz-atanghan-shymkenttik-di.html