Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаева: Бұрынғы ата-енеме әлі күнге дейін шымкентше сәлем саламын

Опубликовано:

Еуразия арнасында көрсетілетін "Қалаулым" бағдарламасына қонаққа келген Айгүл Иманбаева әлі күнге дейін бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтың ата-анасына сәлем салатынын айтты.

"Менің Сәбитпен ажырасып кеткеніме биыл тура 20 жыл болады. Мен күні бүгінге дейін бұрынғы ата-енеме "мама-папа" деймін, бұрынғы ата-енеме күні бүгінге дейін шымкентше сәлем саламын. Ол менің үлкен кісілерге деген құрметім. Сенбесеңіздер, оны бұрынғы ата-енем жоққа шығармайды. Өйткені мен ол кісілермен шәй дескен жоқпын, ұрысқан жоқпын.

Келін болғанның өзінде бірге тұрған жоқпыз ғой, соның өзінде бара қалсақ орамалды тағып жіберіп, өзбекше киініп. Менің нем кетеді?

Мамалап жүріп, алдайтын жерде алдай салам, еркелейтін жерде еркелеймін, кейде еркелеп отырып жұмысты өзіне істетіп қоятын кездер болған. Менің бір құрбым айтушы еді, еркелету арқылы Есілдің мұзын да ерітуге болады деп. Шынымен, еркелеп отырып, күйеуіңе де, ата-енеңе де жағуға болады", – деп ағынан жарылды әнші.

Тағы оқыңыздар: Айсәуле Бақытбек: Итіме балам сияқты қараймын (фото)

Сондай-ақ Иманбаева орамал тағып, сәлем салу ертеден келе жатқан үрдіс екенін айтып, жастарға өзінен үлкен жандардың алдында иілудің әбестігі жоқ екенін айтты.

"Біз бәрібір орыс бола алмаймыз, тәжік пен кәріс бола алмаймыз. Қазақтың өзінің қанына, жанына біткен, анау ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрі, барлық нәрсені бойға сіңірген қазақпыз. Неге біз ол үрдісті жоғалтуымыз керек? Қазір дүбәраланып бара жатқан жастарымызды көргенде «Әттеген-ай» деп қарның ашады. Неге сәлем сала салмасқа? Онда тұрған не бар? Неге орамал таға салмасқа? Неге ертерек тұрып, шайыңды құя салмасқа?

Оның барлығы ертеңгі күні міндетті түрде өзіңіздің алдыңыздан шығады. Алланың есебі түгел. Қазір сол кісіге құрмет көрсете салсаңыз, ертең сізге де солай жасайды. Мұны аспаннан емес, өз өмірімнен айтып отырмын. Күні бүгінге дейін қай жерге барсам да есік ашық, қайда барсам да "апатайлап" сыйлап тұрады. Ертең келін келіп, менің бетімнен алып, төсіме шауып жүрсе құдай сақтасын! Жас болсам да мен ата-енеммен тату болдым, дәм тұзым тек жолдасыммен жараспады", - деді Айгүл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1637191-aygul-imanbaeva-burynghy-ata-eneme-ali/

pixel