RU

Нұрсұлтан Назарбаев: Ақтөбеде бәрі бар, сендер бақыттысыңдар

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбеге барды. Ақтөбе ферро қорытпа зауытын аралаған мемлекет басшысы рельс арқалық зауытының жұмысшыларымен кездесті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Зауыттағы жұмысымыз өте ұнайды. Бізге жұмыс жақсы", - деді зауыт қызметкері Нұрбол Ізтілеуов.

Жұмысшылармен тілдескен президент ақтөбеліктердің бақытты уақытта күн кешіп жатқандарын айтты.

"Ақтөбе бір миллион адам болатын қалалар қатарына кіреді деп бəрін істеп жатырмыз. Мынау біздің Отанымыз. Отанымызға мұндай зауыттың талайын саламыз.

Ақтөбеде Қытайға өтетін жол бар, теміржол бар, газ бар. Мұндай жағдай көпшілігінде жоқ. Бақыттысыңдар, аман болыңдар", -деді президент.

Президент бүгін мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында салынған бірнеше нысанды аралайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637372-nursultan-nazarbaev-aqtobede-bari-ba.html