RU

Орыс тойында қазақша ән айтып, көңіл көтерген жас жұбайлар желіде жұлдыз болды

Орыс тойында Серікбол Сайлаубектің "Ой, жеңге" әнін орындап, көңілді би билеген қонақтар желі қолданушыларының көңілін көтерді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеоға қалыңдық бастаған жастар қазақтың әніне көңілді би билеп жүргені түсірілген. Ал әнді орындаған ер азамат тіпті қуанышты жүр. Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, мақтауларын жаудырды.

Тағы оқыңыздар: Мектепке жалаңаяқ барады: депутат Смирнова ауылдағы сұмдық жайтты айтты

"Жарайсың, қазақ тілінде екі сөзің басын қоса алмайтын кей депутат ағаларымызды шаң қаптырдың", "Керемет", "Қазақ тілінде таза айтып тұр", "Бақытты болыңдар", - деп жазады желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637532-orys-toyynda-qazaq-anine-konhil-koterg.html