RU

Елде көмір жоқ: күн суытқан сайын тұрғындар үйін немен жылытарын білмей отыр

Ауа райы суытқан сайын қатты отынның бағасы шарықтап өсіп жатыр. Қазақстандық сатып лаушылар оның қымбаттығына емес, оның тапшылығына алаңдап отыр.

Шұбаркөл көмірі қазақстандықтар арасында өте танымал, әрі сұранысқа ие. Себебі одан күл аз шығып, сапалы болып келеді. Алайда, оны бүгінгі күні Астанадан тауып алу мүмкін емес.

"Бірнеше күннен бері Шұбаркөл көмірі ешқайда жоқ. Астанада қазіргі уақытта көмір тапшы болып отыр. Енді үйімізді қалай жылытамыз?", — дейді Астана тұрғыны әлеуметтік желі беттерінде.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте он жасар бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыс жақындаған сайын, көмірдің алып-сатарлары "тапшылықты" қолдан жасап отыр.

Көмірдің көтерме саудасымен айналысатын компания мәліметтеріне байланысты, көптеген жеткізушілер үшін он жылдан бері "Шұбаркөл Көмір" АҚ тікелей жұмыс жасау мүмкін емес.

"Шұбаркөл Көмір компаниясының нақты үш-төрт дилері бар. Олардан басқа ешкім нақты территорияларда жұмыс жасай алмайды. Ол алдын-ала бөлініп қойған. Біреулер – солтүстікте, келесілері – оңтүстікте жұмыс жасайды. Біз тек бір дилерден сатып алып, ары қарай сатуды жасай аламыз. Басқа таңдау жоқ", — деді жеткізуші.

Тағы оқыңыздар: Мектепке жалаңаяқ барады: депутат Смирнова ауылдағы сұмдық жайтты айтты

Бұл ретте қыркүйек айында хабарлағандай, ҚТЖ 2017 жылдың сегіз айында көмір тасымалының жоспары бұрынғы кезбен салыстырғанда 20 % немесе 10,5 миллион тоннаға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637682-elde-komir-zhoq-qazaqstanda-zheke-uyler.html