RU

Үш баласы бар 22 жастағы келіншекті өсек таратқаны үшін көршісі атып тастаған (видео)

Бразилияда үш баласы бар 22 жастағы келіншекті көршісі атып өлтірді. Әйелдің өлімі видеоға түсіп қалған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Бразилияның оңтүстігіндегі Сантана-де-Катагуасеседе болды.

22 жастағы Виллиен Матиастың көршісі келіншекті өсек таратады деп айыптап, тіпті оны қорқытқан. Әйел 40 жастағы ер адамның өзіне тіл тигізіп жатқанын видеоға түсіріп алып, күйеуіне көрсетпек болыпты. Алайда жас ана өзінің өлімін де камераға түсіріп алатынын әсте ойламаған.

Видеода кадр сыртындағы әйел мен ер адамның ұрысып жатқаны көрінеді. Кенеттен ашуға булыққан көршісі тапаншасын алып шығып, әйелдің басынан атады. Кейін оқиға орнынан ізін жасырған.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте он жасар бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды

Тапаншаның даусын естіген бір әйел дереу жаралы келіншекке көмекке ұмтылады. Виллиен бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмды.

Күдікті көп ұзамай қолға түскен.

Ескерту: Жүйкесі әлсіз адамдарға көруге болмайды!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637763-ush-balasy-bar-22-zhastaghy-kelinshekti-osek.html