RU

Байбек ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсетуді тапсырды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек денсаулық сақтау басқармасына АН-28 апаты кезінде қаза тапқан медицина қызметкерлерінің туыстарына қолдау көрсетуді тапсырды.

Тағы оқыңыздар: Елде көмір жоқ: күн суытқан сайын тұрғындар үйін немен жылытарын білмей отыр

"Ұшақ апаты кезінде қаза тапқан профессор, акушер-гинеколог Талғат Патсаевтың, профессор, дәрігер-реаниматолог Жәнібек Артықбаевтың және экипаж мүшелерінің отбасылары мен туған-туыстарына қала басшылығы тарапынан қайғырып көңіл айтамын. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз.

Бұл - отбасы үшін де, бүкіл медицина қауымдастығы үшін де орны толмас қайғы. Қалалық денсаулық сақтау басқармасына тиісті көмек көрсету тапсырылды", — деп әкім сөзінен үзінді келтіреді әкімдік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637775-baybek-ushaq-apatynan-qaza-tapqandard.html