RU

Алматыда мерт болған ұшқыш бірнеше сағаттан кейін басқа әуекомпанияға ауысқалы жатқан

Алматы маңында әуе апатынан қаза тапқан ұшқыш Евгений Кутафиннің досы Антон Шарафутдинов марқұмның жанұясы мен соңғы кездесулері жайлы Today.kz сайтының тілшісіне айтып берді.

Екеуі 17 жыл бір-бірімен таныс болған.

"Біз ағайындылар сияқтымыз, ойымыз да, жанымыз да бір. 2000 жылдан бері біргеміз. Менің әкем мен оның әкесі парашют спортымен айналысқан. Олар бізді қызықтырып, аспанға жол ашты. 2002 жылдан бері парашют спортымен айналыса бастадық", - деген Антон марқұмның өте ашық, өмірге құштар, көңілді, білімді, білікті маман екенін айтты.

Тағы оқыңыздар: Байбек ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсетуді тапсырды

Досының сөзінше, Евгений бала кездегі арманын орындап кетіпті.

"Өмір бойы ұшуды армандады. Әкесі де авиацияда қызмет еткен соң, өмірі парашют саласынан басталып, өзі де осыған қызықты. 2005 жылы Азаматтық авиация академиясына түсті. Содан бері оның аспанға жолы ашылды", - дейді ол.

Трагедияға аз уақыт қалғанда Кутафин басқа әуе компаниясына кетуі керек болған.

"Оралдың тумасы. Институтқа түсіп Алматыда тұрды, сосын сырттай бөлімге ауысып, Оралға қайтып келді. Алматыға емтихан тапсыруға ғана келіп-кетіп жүрді. Екі-үш күн бұрын ағылшын емтиханын қайта тапсырды. Курсты, сертификатты қорғап шықты. Басқа әуекомпаниясына ауысуына, ұшақтың жоғары түріне отыруына бірнеше сағат қалып еді. Өкінішке орай, бұл оның соңғы рет ұшуы болды", - деді марқұмның досы.

Соңғы кездесулерін де есіне алды ол.

Тағы оқыңыздар: Елде көмір жоқ: күн суытқан сайын тұрғындар үйін немен жылытарын білмей отыр

"Екі-үш күн бұрын кездестік. Ол мені құшақтады, бұған дейін бес күндей көріспей қалып едік. Туған күні болды, 30 жасқа толды. Ол әскери кезекшілікте болғандықтан, туған күнін атап өтпедік. Сенесіз бе? 30 жасқа толып жатыр, ол болса кезекшілікте жүр. Өте қуанып тұрды. Ұзақ әңгімелестік, мектеп кезіндегі ескі фильмдерімізді көрдік. Ностальгияға беріліп, бәрін еске түсірдік", - деді Антон.

Марқұмның артында әйелі мен 2 жастағы ұлы қалған.

"Мен оның баласының кіндік әкесімін, енді өзімнің екі баламмен бірге үшінші ұлым бар", - деді ұшқыштың жан досы.

Қазір ұшқыштың достары отбасына қаражат жинауды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637807-almatyda-mert-bolghan-ushqysh-birneshe-sa.html