RU

Қазақстан футболшылары Румынияға өзбекстандық ұшақпен жеткен (фото)

Қазақстан құрамасының футболшылары Румынияға «Өзбекстан» деген жазуы бар ұшақпен ұшып барды деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Өзбекстан» жазуы және сол мемлекеттің туы бейнеленген әуе кемесімен қазақстандық футболшылар Румынияға кешке қарай қонған.

Тағы оқыңыздар: Байбек ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсетуді тапсырды

Неліктен Өзбекстан әуе жолдарының ұшағы таңдалғаны әзірге белгісіз. Футболшылар бұл туралы қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Айта кету керек, Румынияда 2018 жылғы футболдан Әлем кубогына іріктеу туры болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637825-qazaqstandyq-futbolshylar-rumyniyagha.html