RU

Ақтөбеге барған президент Сапарбаевтың жұмысынан мін таппады

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің сапасын президенттің өзі келіп тексерді. Елбасы Сапарбаевтың екі жыл ішінде құрылыс саласында не тындырғанын тыңдады деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені бұған дейінгі сапарында Нұрсұлтан Назарбаев қала іргесіндегі жаңа ықшамаудандарды ауылға теңеп, сол кездегі аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовке ескерту жасап кеткен еді.

Сапарбаевқа президент айтарлықтай сын айта қойған жоқ. Оның бұл сапарына ақтөбелік шенеуніктер көптен дайындалған еді. Облыс әкімі таң атысымен қала басшысын ертіп әуежайда Нұрсұлтан Назарбаевты күтіп алды. Елбасы ұшақтан түсе салсымен Ақтөбенің атқамінерлері алдымен ферро қорытпа зауытына апарды.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің кейбір өңірлерінде алдағы күндері күн жылынады деп күтілуде

Мұндағы хромның қожайыны, әлемдегі ең бай олигархтардың бірі Александр Машкеевич те осында жүр. Ол былтыр салынған балқыту цехының жұмысымен таныстырды. Артынша елбасы рельс шығыратын зауытта болып, жұмысшы жастармен жүздесті.

Онда аймаққа миллион тұрғын жинауға барлық жағдайдың жасалғанын айтты. Шойын жол мен халықаралық көлік дәлізінің қақ ортасында орналасқан, көгілдір отыны бар Ақтөбе тұрғындарының арманы жоқ деді. Сондай-ақ көкөніс өсіретін жылыжайда болып, жергілікті өнімдердің де сапасымен танысты.

Түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаев, Ақтөбеде жаңадан салынған Жұбановтар әлемі музейі мен шығармашылық академиясында да болды. Онда ақтөбелік зиялы қауым өклідерімен, ақсақалдармен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637899-aqtobege-barghan-nazarbaev-saparbaev.html