RU

Ресей әскері Сириядағы лаңкестерді қырып жатыр

Ресей әуе-ғарыш күштері Сириядағы «Джебхат ән-Нусра» лаңкестік ұйымының қолбасшыларын қырып салды. Ал ұйымның басшысы бір қолынан айырылып, ауыр хәлде жатыр. Ресей Қорғаныс министрлігі осындай ақпарат таратып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Әуеден жасалған шабуылдардың ғарыштан түсірілген видеосы ғаламторда жарияланған. Ресей тарапының мәліметінше, террорлық ұйым басшылары жиналыс өткізбек болыпты. Ресей барлаушылары оны біліп қойған.

Тағы оқыңыздар: Теңге тағы да құлдырап кетті

Сөйтіп, Су-34 және Су-35 тас төбесінен бомба жаудырыпты. Нәтижесінде 50 лаңкес пен 12 қолбасшының көзі жойылып, жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Жулани бір қолынан айрылып, тағы көптеген жарақаттар алған.

Айта кетейік, «Джебхат ән-Нусра» 2011 жылдан бері Сирия жерінде ойран сап келе жатқан террорлық ұйым болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637926-resey-askeri-siriyadaghy-lanhkesterdi-q.html