RU

Шымкентте жүк көлігіне соқтығысқан пойыз жантүршігерлік жол апатына түсті (видео)

Шымкентте пойыз бен жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан темір жолдағы пойыз бен жүк көлігі екі жаққа аударылып кеткен. Оқыс жағдай Шымкент қаласындағы "Қызылсай-Қазғұрт" бекетінен он шақырым жерде болды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Видеодан төтеншеліктердің аударылып кеткен пойызды орнына қойып жатқандығын байқауға болады. Оқиға төртінші қыркүйек күні күндіз сағат үштер шамасында орын алған. Құтқарушылар көлікте қыстырылып қалған азаматты арнайы құрылғының көмегімен әрең дегенде шығарып алған. Кейін жүргізуші ауыр халде емханаға жеткізілді.

Тағы оқыңыздарРесей әскері Сириядағы лаңкестерді қырып жатыр

"Жүк көлігінде 1973 жылғы азамат болған. Көлікке келген соққының салдарынан ол көлікте қыстырылып қалды. Оны құтқарушылар шығарып алды. Қазір ауруханада. Ал пойыздың жүргізушісіне оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - дейді ОҚО Төтенше жағдай департаментінің бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

Темір жолдағы апатқа байланысты Қаратау аудандық ІІБ тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1637933-shymkentte-zhuk-koligine-soqtyghysqan-p.html