RU

Қазақстандық стюардесса жұмыс барысындағы ұятсыз дүниелерді айтып берді

Қазақстандық стюардесса қыз жұмыс барысында ұятсыз сәттер жиі болатынын айтып, ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бойжеткен мамандығы ел ойлағандай жеңіл еместігін алға тартты. Біріншіден, олар күн ұзаққа аяқтан тік тұрып жүруге мәжбүр екен. Екіншіден, климат пен сағат белдеуінің жиі ауысуы, ұшақтың гуілі, қан қысымының құбылуы денсаулыққа жақсы әсер етпейтін көрінеді.

Бұл мамандық үшін сұлу болу жеткіліксіз дейді ару. Ол үшін денсаулық та мықты болуы керек екен.

Тағы оқыңыздар: Байбек ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсетуді тапсырды

Нәзік жанды өз мамандығындағы өзге де көлеңкелі тұстарды тізді.

"Ұшқыштар үйленгеніне қарамастан, әйелдерінің көзіне шөп салады. Ұшып жүргенде қарым-қатынасты реттеу өте қиын. Тіпті мүмкін де емес. Әр қала, әр елде біз екі-үш күн боламыз. Жаңа дүниені көргің келеді. Ұшқыштар, стюардессалар бәрі ішімдікті жақсы ішеді", - дейді ол.

Бойжеткен жаңадан келген стюардессалар өзіне ие бола алмайтынын айтып қалды.

"Стюардесса атанғаныма үш жыл болды. 22-23 жастағы жаңа стюардессалар келген кезде, өздеріне ие бола алмай қалады. Бір күні мен жаңадан келген стюардесса мен ұшқыштың әжетханадан бірге шығып бара жатқанын көріп қалдым. Ештеңе байқамаған кейіп таныттым. Әлгі қыздың жігіті бар, ал ұшқыш үйленген азамат. Дегенмен 30 жыл бойы ұшып, әйеліне адал болып қалатын ұшқыштар да жоқ емес", - дейді стюардесса.

Нәзік жандының айтуынша, стюардессалардың дені бизнес-санатта қызмет көрсетуді армандайды екен - онда мүмкіндіктер көбірек. Алайда бұл мүмкіндіктердің мансапқа мүлде қатысы жоқ.

Тағы оқыңыздар: Қаза тапқан дәрігерлердің көмегіне зәру болған келіншек өлім аузында жатыр

"Бизнес-санатқа өту - бұл жаңа мүмкіндіктер. Қандай мүмкіндік екенін өзіңіз де түсінген шығарсыз? Біразы үшін бұл - басты мақсат", - дейді бойжеткен.

Бойжеткен стюардессалардың дені отбасын құра алмай жүргенін де айтып қалды.

"Өмір бойы ұшып жүріп, отбасыны сол күйі құра алмауың мүмкін. Бүгінде мен 27-демін және өмірлік серігімді әлі таппадым. Сүйіктісінің көп уақыт бөле алмауын ешкім көтермейді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638075-qazaqstandyq-styuardessa-mamandyghynd.html