RU

Аша Матай "Ninety One" тобына: Әр адам ойланып сөйлеу керек

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай "EMA 2017" марапатында Ninety One жігіттеріне ескерту жасаймын деп топ жанкүйерлерінің сынына қалған еді. Eaglez Ашаның өздерінен ел алдында кешірім сұрауын жаппай талап еткен болатын.

Муззон арнасына сұхбат берген Аша Матай топ жігіттері ойланып сөйлеуі керек екенін айтты.

"Біріншіден менің ол топқа, оның продюсерлеріне еш қарсылығым жоқ. Бұны жігіттердің өздері де растайды. Менің жігіттерге айтқаным, әннің сөздеріне қарсы шыққаным емес, оны ұнатпағаным. Ал жігіттердің өнерлеріне өте жақсы қараймын, әндерін тыңдаймын. Ең бастысы әр адам ойланып сөйлеу керек сияқты. Мен өзім кәсіби тележүргізуші болғаннан кейін, менің айтпауым дұрыс болмаушы еді. Сондықтан айтуға бел будым", - дейді Аша.

Тағы оқыңыздар: Аян Өтепберген мен Гүлназ Жоланова араларындағы махаббат туралы шындықты айтты (фото)

Аша Матай 91 тобының әншілерін "Су астында" деген әндерінің мәтіні үшін сынға алған болатын. Айтуынша, әннің мәтіні оған мүлдем ұнамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638078-asha-matay-ninety-one-tobyna-ar-adam-oylanyp-soy.html