RU

Мемлекет басшысы: Қай елде тұрсаң, сол елдің тілін білу керек

Ақтөбеліктермен кездескен президент қоғамда әртүрлі көзқараста талқыланып жүрген ағылшын тілін меңгеру мен латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Менің айтқандарыма талдама жасайтын болсаңыздар, мен үштілділік туралы айтып тұрмын. Қазір біз ағылшын тілі, латын әліпбиі туралы айтып жатырмыз. Оның ұлтымызға қатысы жоқ. Егер жүрегімізді тыңдасақ, біз біртұтас елміз. Айтамыз, сөйлейміз, ойлаймыз, жақсы көреміз, жек көреміз. Жүректің тілімен өмір сүру керек.

Біздің балаларымыз –планета балалары. Болашақтың тілін меңгеруге тиіспіз. Жастарымыз жаңа әлемнің талабына сай болу керек. Қай елде тұрсаң, сол елдің тілін білу керек. Олай болмаған күнде қоғам қабылдамайды, шеттеп қаласың», - деді ел президенті.

Тағы оқыңыздар: Байбек ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсетуді тапсырды

Сонымен қатар, мемлекет басшысы жаңа заман талабына сай жастардың білім алу керек екеніне тоқталды.

«Рухани жаңғыру не үшін керек? Әлем өзгереді. Біз байқамаймыз. Бірақ, біз оған ендік. Өзгерістер соншалықты жылдамдықта болып жатыр. Үлгеру мүмкін емес. Аға буын бұл қарқынға ілесе алмайды.

Мен көз алдымызда өзгеріп жатқан әлем жаңалықтарынан жастар легі қалып қоймаса екен деймін. Жаңа өндіріс, жаңа ғылым, жаңа түсінік. Осы болашақты адам дайындау арқылы жасаймыз» ,-дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент жаңа заман тілін меңгеріп алған жастардың қазірден 100 мың доллар жалақы алып отырғанын мысалға алды.

«Ақтөбе рельс арқалық зауыты ірі өнеркәсіп орны. Жаңа зауыттың өзінде 700-ден аса адам жұмыс жасайды. Қазақстандағы ең жаңа технологиямен жабдықталған өндіріс ошағы. Ондағы жастардың мамандығы да, табыстары да басқа. Бір адамға 100 мың доллар. Сондықтан біз Қазақстанда индустриалды аймақтар салып жатырмыз. Зауыттар, фабрикалар, жолдарды дамытамыз.

Тағы оқыңыздар: Қаза тапқан дәрігерлердің көмегіне зәру болған келіншек өлім аузында жатыр

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автожолы да Ақтөбе арқылы өтеді. Теміржол да сіздер арқылы өтеді. Жол - ол өмір. Жолда жұмыс, үй адамдар болады. Бетпақдала арқылы 1500 шақырым теміржол байланысы біздің тарихымызда бірінші рет болып тұр. Бірден өмір жанданды. Адамдар тұра бастады. Қазақстанның барлық өңірі жолдар желісімен қамтылады. Адами ресурс дегеніміз сол. Онсыз ештеңе дамымайды», - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638107-elbasy-aghylshyn-tilin-menhgeru-men-laty.html