RU

Алматының жанармай құю бекеттерінде АИ-92 жоғалып кетті (фото)

Алматылық жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин жоғалып кетті. Қала тұрғындары бензин тапшылығы болып жатқанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыдағы "Роял Петрол" бекеттерінің бірінде АИ-92 бензині тек 3 мың теңгеге жетерлік көлемде қалған.

Ал өзге Royal Petrol бекетінде АИ-92 бензинін талонмен ғана беріп жатыр. Жүргізушілердің бірі талонмен бензин беру жағдайы бір апта бойы жалғасып келетінін NUR.KZ порталына мәлімдеді.

Алматы тұрғынының айтуынша, Sinooil бекетінде де бензинді талонмен беруде.

Тағы оқыңыздар: Мемлекет басшысы: Қай елде тұрсаң, сол елдің тілін білу керек

Жанармай құю станциясының call-орталығы NUR.KZ тілшісіне бензиннің талонмен беріліп жатқанын растады.

"Бір сағаттың ішінде бәрі реттеледі деп күтілуде. Бензинді жеткізу кешіктіріліп жатыр. Біз қордағы бензинді талонмен беріп жатырмыз", - дейді Sinooil өкілі.

Тағы оқыңыздар: Аша Матай "Ninety One" тобына: Әр адам ойланып сөйлеу керек

Sinooil қызметкерлері бәсекелестерінде бензин олардан бұрын бітіп қалғанын айтуда. "Гелиос" бекетінде АИ-92 бензині бар, алайда ол көп ұзамай бітуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638109-ai-92-almatynynh-zhanarmay-quyu-beketterin.html