RU

Жанар Дұғалованың тұрмысқа шығатыны рас па? (фото)

Танымал әнші Жанар Дұғалова Instagram парақшасында ақ көйлек киген суретін жариялады. Жанарды той көйлегімен көрген оқырмандар әртісті тұрмысқа шыққалы жатыр деген болжамдарын алға тартты.

 Тағы оқыңыздар: Аша Матай "Ninety One" тобына: Әр адам ойланып сөйлеу керек

"Жанар, тұрмысқа шығайын деп жатырсыз ба?!", "Той қашан?", "Құтты болсын! Сіз бақытты болуға лайықсыз!", "Тұрмысқа шығайын деп жатқаны қуантады", "Жәй ғана фотосессия шығар",- деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, "Кешью" тобының экс-мүшесі бүгінде жеке орындаушы. Жанар желідегі парақшасында Америкада жүрген суреттерін жиі жариялап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638176-zhanar-dughalovanynh-turmysqa-shyghatyny.html