RU

Ресейлік миллионер бірнеше оқушы қызды зорлады деп айыпталуда

Ресейлік қалталы кәсіпкер Владимир Голубевке 8-10 жастағы бірнеше қызды зорлады деген айып тағылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бес эпизод бойынша айыпталған миллионердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алайда құқық қорғаушылар бұл істе зардап шегушілер саны көбейе түсуі мүмкін екенін жасырмады.

Тағы оқыңыздар: Айына 200 мың теңге cұрайтын астаналық бала күтіушілер жас ананың жағасын ұстатты

Бұған дейін ер адам салықтан жалтарғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылып, кейін Жеңіс күнінің 70-жылдығында рақымшылыққа іліккен болатын.

Голубев - бірнеше мейрамхана, дүкен мен құрылыс компаниясының қожайыны. Оның кінәсі дәлелденсе, кемінде 20 жылға түрмеге жабылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638184-reseylik-millioner-birneshe-oqushy-qyz.html