RU

Әлемнің ең ықпалды бес тұлғасы анықталды (фото)

Америкалық Vanity Fair журналы әлемнің ең ықпалды адамдарының рейтингін құрды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ztb.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржыгерлерден бастап, шоу-бизнес өкілдеріне дейін қарастырылған тізімде үздік бес адам анықталды.

Джефф Безос

Джефф Безос - америкалық кәсіпкер, Amazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы. Ол сонымен қатар Blue Origin әуе-ғарыш компаниясын және The Washington Post баспа үйін иелік етеді.

Марк Цукерберг

Екінші орында Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг. Биыл оның желісін қолданатындар саны екі миллиардқа жетті.

Тағы оқыңыздар: Жанар Дұғалованың тұрмысқа шығатыны рас па? (фото)

Тим Кук

Үздік үштікке Apple компаниясының басшысы Тим Кук енді. 2016 жылы ол рейтингте 11 орында болатын.

Ларри Пейдж

Төртінші орынға Google компаниясының негізін қалаушы Ларри Пейдж жайғасты.

Илон Маск

Үздік бестікті Илон Маск тұйықтады. Осы жылы ол Марсты елдендіру бойынша жаңа жоба ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638201-alemninh-enh-yqpaldy-bes-tulghasy-anyqta.html