RU

"Ажырасып кеттік" деген Дәурен мен Ақбота елден жасырын қыдырып жүр (видео)

Жуырда ғана әнші Ақбота Сейітмағамбет "Дәуренді өз отбасына жібердім" деп мәлімдеме жасап, елді шулатқан болатын. Алайда кеше ғана "айрылысқан" жұптың жасырын қыдырып жүрген видеолары желіде пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ. 

Аталған видеоны Instagram желісінде Revuenews парақшасы жариялады.

Олардың бірге тамақтанып отырғанын көрген желі қолданушылары бұл видеоны кезекті сәтсіз пиар деп жатты.

"Ажырастық деген арзан пиардың қажеті қанша екен?! Одан бізге келіп-кетер пайда жоқ", "Ақботаны, кішкентай бөпені ойлап жүрегім ауырып, уайымдап жүрсем...", "Өтірік айтуға ұялмайсыңдар ма?!", - деді желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар: Жанар Дұғалованың тұрмысқа шығатыны рас па? (фото)

Еске салсақ, жуырда ғана Ақбота Сейітмағамбет үш баласы мен бірінші әйелін тастап, өзіне келген Даурен Айдарқұловпен ажырасқандарын мәлімдеген болатын. Әнші желідегі парақшасында Дәуренді "өзім жібердім, мені аяудың қажеті жоқ" деп жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638232-azhyrasyp-kettik-degen-dauren-men-aqbo.html