RU

ШҚО-да телефонмен сөйлесіп келе жатқан он жасар қызды жүк көлігі қағып кеткен

Жүк көлігі он жасар қызды қағып кетті. Жеткіншек әр түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды YK-news.kz.

Жол апаты Шемонаиха қаласында сағат екі кезінде болған. Көмір әкеле жатқан ГАЗ-53 жүк көлігі кішкентай қызды қағып кетіпті.

Болжам бойынша, он жасар қыз телефонмен сөйлесіп келе жатқан. Көлік келе жатқанын байқамай, жолды кесіп өтпек болыпты. Жол апаты болған жерде жаяу жүргіншілер өтуге арналған жер жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші ақырын келе жатқанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмаған.

Тағы оқыңыздар: Павлодар облысында төрт ай бұрын жоғалған әскери қызметкер әлі табылмады

Оқушы қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жақ сүйегі сынып, асфальтқа құлағандықтан әртүрлі жарақаттар алғаг.

Сараптама нәтижесі бойынша, жүргізушінің қан құрамында алкоголь белгілері болмаған, тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638250-shqo-da-telefonmen-soylesip-kele-zhatqa.html