RU

Немістердің тойын көрген алматылық жігіт қазақтың тойын "бос мақтанға" теңеді (фото)

Осы жазда Германияға саяхаттап барған алматылық Нұртай Бердазим есімді жігіт неміс халқының тойын көріп, қатты таңғалған. Қазақтың тойы "бос мақтан" деген азамат болашақта үйлену тойын немістерше өткізгісі келетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Жалпы біздің немістерден үйренеріміз көп. Олар тойды өте қарапайым өткізеді. Дастархандағы ас мәзірінен бастап, той залының сәндеу жұмыстарына дейін өздері дайындайды. Тіпті тойға сыйлықты да өз қолдарымен әзірлейді. Мені олардың аса қарапайымдылықтары қатты таңғалдырды. Той екен деп барынша шашылып киініп, сән салондарына бармайды. Ең бастысы ән айтып, би билеп, көңіл көтереді.

Ал біздің қазекеңе салсаң, барын тойда көрсеткісі келеді. Менің ойымша бұл жай ғана бос мақтанға салынушылық", - дейді Нұртай.

Үнемшіл Еуропа халқының тойын көрген Нұртай болашақта өз тойын немістер секілді өткізгісі келетінін жасырмады.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да өзін-өзі "ұрлап" кетіп, күйеуінен ақша бопсаламақ болған әйелдің масқарасы шықты

«Қазақтар тойды қуанышпен бөлісу үшін емес, күллі елге байлығын көрсетіп мақтану үшін, абырой үшін жасайды. Тойда бар жағдайын көрсетуді қалайды. Мен де болашақта өз тойымды нағыз жарыс алаңына айналдырғым келмейді, сондықтан қазақы емес немістерше той өткіземін», - дейді ол.

Нұртайдың айтуынша, оны тойдан бөлек тағы да біраз нәрселер таңғалдырған.

«Біз соғыста жеңіске жеткен мемлекет болғанымызбен, әлі күнге дейін немістерден артта келеміз», - дейді ол - Немістер тілді ең бірінші орынға қоятын халық, елге қонақ болып барсаңда тіл білуге тиістісің. Тарихты сақтап қалуға тырысады. Тазалық пен рухани байлыққа көп көңіл бөледі"

«Қазақ шетелдікті көрсе астына көпшік салып көтереді, ал немістер болса қай жерде болмасын өз ұлтын жақын тартып, алға қояды», - дейді студент.

Тағы оқыңыздар: Ішімдікке тойып алған шымкенттік келіншек жеті айлық баласын жоғалтып алған

Нұртай өз сөзінде неміс халқының әлеуметтік желілерді мүлде қолданбайтынын ерекше атап өтті. Телефон мен интертенке тәуелді емес, олар үшін көзбе көз отырып жақын араласқан ұнайды.

«Германияны қанша мақтасам да, қазақтың қаны жібермейді. Тойым немістерше өтсе де, ұлтым қазақ болып қала береді. Болашағымды Қазақстанда елестетемін, бірақ Еуропа елдерінен тәжірбие жинауға қарсы емеспін», - деді алматылық жас жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638272-nemisterdinh-toyyn-korgen-almatylyq-zh.html