RU

20-шы баласын дүниеге әкелген әйел күйеуіне күтпеген мәлімдеме жасады

42 жасында 20-шы баласын дүниеге әкелген көпбалалы ананың өмірі туралы қызықты деректерді NUR.KZ порталы makataka.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сью Рэдфордтың 20-шы баласы 3800 грамм салмақпен дүниеге келген. Әйел босанғаннан кейін күйеуіне "осымен тоқтағанымыз абзал" деп, күтпеген мәлімдеме жасайды.

"Біз онсыз да бақыттымыз. Осымен тоқтайық", - деген Сьюге күйеуі қолдау білдірді.

Дегенмен отбасындағы балалары бұл жайтқа әлі де сене алар емес. Ерлі-зайыптының ең үлкен баласы 28 жасқа толып үлгерген.

Сью Альфи есімді ұлын жүктілігінің 23-ші аптасында жоғалтпағанында, бүгінде 21 баланың анасы болар еді. Әйел ең алғашқы баласын 14 жасында дүниеге әкелген. Ерлі-зайыпты бүгінде ата мен әже атанып та үлгеріпті.

Тағы оқыңыздар: ОҚО полицейі алған жарақатына қарамастан қылмыстық топтың серкесін ұстады

Рэдфордтар отбасы кезекті балаға қандай есім беретіндерін білмей, біраз қиналған. Ақыры балалары ақылдасып бірауыздан жаңадан дүниеге келген нәрестеге Арчи деген есім беріпті.

Күйеуі балаларының тамағы мен жолына күнделікті қыруар қаржы табу керектігіне қарамастан, өте бақытты екенін айтуда.

Тағы оқыңыздар: Мұсылмандарды айыптаған Мьянма ханшайымы тәжінен айырылып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638380-20-shy-balasyn-duniege-akelgen-ayel-kuyeu.html