RU

ОҚО-да өзін-өзі "ұрлап" кетіп, күйеуінен ақша бопсаламақ болған әйелдің масқарасы шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында келіншек өзін ұрлап кетті деп күйеуінен ақша бопсаламақ болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО полицейлері өзін ұрлап кетті деп күйеуінен 3 млн теңге талап еткен келіншекті Тараз қаласындағы қонақүйлердің бірінен ұстады.

Тағы оқыңыздар: Павлодар облысында төрт ай бұрын жоғалған әскери қызметкер әлі табылмады

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Кентау қалалық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын белгісіз біреулер әйелін ұрлап әкеткенін айтып, шағым түсірген.

Ер кісі өз шағымында белгісіз тұлғалардан ұялы телефонына бірнеше хат-хабарлама келгенін, онда әйелін босату үшін үш млн теңге талап еткенін, егер ол соманы жеткізбесе, келіншегін өлтіреміз деп қорқытқанын көрсетеді.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің «Заңсыз бостандығынан айыру» және «Ақша бопсалау» баптары бойынша тіркеуге алынып, іс қозғалды. Полицейлер арызданушының әйелін іздестіру мақсатында арнайы топ құрып, нәтижесінде келіншекті Тараз қаласындағы қонақүйлердің бірінен тапты.

Бір қызығы, келіншек қонақүй нөмірін өзі жалға алған және ұрлап әкетті деген жалған хабарламаны күйеуіне өзі жолдаған. Адам ұрлығы бойынша қозғалған қылмыстық іс 126-баптан 419-баптың 3-бөліміне (жалған ақпарат тарату) ауыстырылды. Бұл бап бойынша айыпталушы үш жылдан бес жылға дейін бос бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Ішімдікке тойып алған шымкенттік келіншек жеті айлық баласын жоғалтып алды

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары кезінде келіншек мұндай қадамға бару себебін түсіндіріп берді. Айтуынша, Түркістан қаласында қаржы пирамидасын құрмақ болып таныстарынан ақшаға алып, оны жаратып қойған. Арада біраз уақыт өткен соң таныстары ақшаларын қайтаруды талап еткен соң күйеуінен қомақты қаржы бопсалап, қарызынан құтылуды мақсат тұтыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638382-oqo-da-ozin-ozi-urlap-ketip-kuyeuinen.html