RU

Назарбаевтың алдын орап, жағымпазданған ақтөбелік белсенді сөз естіп тынды

Ақтөбенің мәдениет орындарын аралап, белсенділермен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев адами құндылықтарға тоқталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Адам қандай болса, оны сол болмысында қабылдай алумыз керек. Әсіресе, әйелдер ер адамдарды өзгерткісі келеді. Барлық жерде солай.

Бізге қасымыздағы адамды түсіну, шыдамдылық таныту, құрмет көрсету жетіспейді. Жастар адал, таза өмірге, тура жолға ұмтылу керек. Өмір барлық кезде әділ бола бермейді. Бірақ, әділдік түбінде жеңіп шығады. Міне, біз балаларымызды осыған үйретуіміз керек», - деді президент.

Тағы оқыңыздар: Мемлекет басшысы: Қай елде тұрсаң, сол елдің тілін білу керек

Сондай-ақ, мемлекет басшысы халық санын көбейтуге көңіл бөлу керектігін атап кетті.

«Мен Қазақстанда үлкен қалалардың дамығанын қалаймын. Мәселен, Алматыда бір миллион 300 мың халық бар. Шымкент халқының саны да миллионға жетті. Ақтөбеде жарты миллион тұрғын бар.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда Ақтөбе екі есе үлкейді. Ол кезде халық саны 240 мың болатын. Мен ақтөбеліктердің саны миллионға жеткенін қалаймын. Жаңа микрайондардың салынып жатқаны бекер емес», - деді елбасы.

Президентті қарсы алып, лебіздерін айтқан ақтөбелік белсенділер Назарбаевтың айтпаған сөзі үшін мақтанамын деп ұятқа қалды.

Тағы оқыңыздар: Павлодар облысында төрт ай бұрын жоғалған әскери қызметкер әлі табылмады

«Ақтөбеде «Туған жер» бағдарламасы арқылы бірнеше әлеуметтік нысан салынды. «Жұбановтар әлемі» шығармашылық үйі де солардың бірі. Қазір сіздің біздің облыстағы осы бағдарламаларға жақсы баға бергеніңіз үшін мақтанамыз, қатты қуаныштымыз», - деп үсті-үстіне сөйлеген ақтөбелік белсендіні президенттің бір ауыз сөзі тоқтатты: «Мен әлі баға берген жоқпын», - деді мемлекет басшысы.

«Ал, біз жақсы бағадан үміттенеміз», - десті ақтөбеліктер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638403-nazarbaevtynh-aldyn-orap-zhaghympazdan.html