RU

Қайрат Нұртас алғаш рет отбасылы екенін мойындады

Қайрат Нұртас алғаш рет өзінің отбасылы екенін мойындады. Гәкку арнасына сұхбат берген әнші үйленгеніне 10 жыл болғанын мәлімдеді.

"Қайраттың үйленгеніне қанша болды?" деген оқырман сауалына әнші эфирде: "Он жыл болды, он жыл. Аллаға шүкір, жақында күміс той",- деп жауап берді.

Тағы оқыңыздар: Жанар Дұғалованың тұрмысқа шығатыны рас па? (фото)

Әншінің жауабын естіген тыңдармандары Қайраттың аузынан отбасылы екенін алғаш естіп отырғандарын жазған.

"Ура, Қайрат мойындады -ау!", "Мәссаған, Қайрат алғаш рет өз аузымен үйленгенін айтты. Мен бақыттымын!", "Он жыл бойы қалай жасырып келген?!", "Қайрат үйленгенін айтты ма не?!",- деп жазды желі қолданушылары.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638543-qayrat-nurtas-alghash-ret-otbasyly-eken.html