RU

Қарағандыда көк тайғақтың кесірінен 30-ға жуық жол апаты болды (видео)

Қарағандыда болған алғашқы көк тайғақ көшелерде жол апаты санын көбейтіп жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жүргізушілер қыстық дөңгелектерге ауысып үлгермегендіктен, көліктерін басқара алмай қалған.

"Қарағандыда расымен көп жол апаты болды. Бір түнде 28 жол апаты тіркелді", - дейді ІІД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар: Қарағанды облысында атасы ұйқы бермеген немересін пышақтап өлтірді

Жол апаттарынан қаза тапқандар жоқ, алайда зардап шеккендер баршылық. Әлеуметтік желіде тұрғындар жарыса жол апаттарының фотосымен бөлісуде. Көшелерде ұзын-сонар кептеліс түзілген. Тәртіп сақшылары тұрғындарды жолда абай болуға шақырады.

Тағы оқыңыздар: Қарағанды облысында атасы ұйқы бермеген немересін пышақтап өлтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638560-qaraghandyda-kok-tayghaqtynh-kesirinen.html