RU

Қарағанды облысында үш жасар бүлдіршінді пышақтап өлтірген

Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр ауылының тұрғыны үш жастағы немересін пышақтап өлтірді деп күдіктелуде. Бұл туралы Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы іске қатысты «Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар: Үш жүзден аса содырдың көзін жойған мергеннің өзі тіл тартпай кетті (видео)

«39 жастағы ер адам алкогольді ішімдік ішкен. Ол үйде үш жасар немересімен бірге болған. Немересі атасына ұйқы бермей, мазасын алған көрінеді. Күдікті сол кезде қолына суық қару алып, баланы пышақтап тастаған. Салдарынан бала қайтыс болды», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ер адам ұйықтап тұрғаннан кейін ғана көрші үйдегі анасына барып, болған жайтты айтады. Содан соң өзі жасырынып қалған.

Қазір Қарағанды облысының полицейлері күдіктіні іздестіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638564-qaraghandy-oblysynda-atasy-uyqy-berme.html