RU

Ақтөбелік белсенді әйел президентпен кездесу үшін 7000 теңгеге бетін әрлеткен (фото)

Ақтөбеде президентпен кездесуге шақырылған зиялы қауым өкілдері әлеуметтік желіде қуаныштарымен бөлісіп жатыр. Ақтөбедегі әйелдер құқын қорғау орталығының басшысы Айгүл Дүйсенова қатты қуанғанынан сезімін жасыра алмай желіде бөліскен.

«Анечка, бәрі жақсы өтті. Мейкап үшін рахмет, әлі тұр. Мемлекет басшысы риза болды», - деп қуанған Айгүл Дүйсенованың сөздерін визажисті өз парақшасында бөлісті.

Тағы оқыңыздар: Қарағандыда көк тайғақтың кесірінен 30-ға жуық жол апаты болды (видео)

Ақтөбенің белсенді әйелдерінің қатарында жүрген Айгүл Дүйсенова президентпен кездесу үшін 7000 теңгеге бетін әрлеткен. Сән салонында отырған басшының президентпен кездесуге бара жатқаны айтылған бірнеше сурет салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638640-aqtobelik-belsendi-ayel-prezidentpe.html