RU

Лас-Вегастағы қанды қырғын кезінде iPhone әйелдің өмірін сақтап қалған (фото)

Лас-Вегастағы қанды қырғын кезінде iPhone 7 Plus әйелдің өмірін сақтап қалған, деп хабарлайды Baq.kz.

1 қазан күні Лас-Вегаста 64 жастағы Стивен Пэддок ұйымдастырған қанды қырғын кезінде 33 жастағы әйелге қарай атылған оқ iPhone 7 Plus-тің корпусына тұрып қалған. Бұл туралы такси жүргізушісі айтқан екен.

Оқ қабы бар смартфон корпусының төменгі жағының сыртына тиіп, оны істен шығарған. Бірақ әрі қарай өтпей қалған көрінеді. Ал iPhone-ның иесі атыс болған жерден аман қайтқан.

Тағы оқыңыздар: Гүл ұрлаймын деп шалбарынан айырыла жаздаған азамат елді күлкіге қарық қылды (видео)

Еске сала кетейік, 1 қазанда 64 жастағы Стивен Пэддок Лас-Вегаста адамдарға оқ жаудырып, 59 адам қаза тапқан болатын.

Белгілі болғандай, ол Mandalay Bay Hotel қонақ үй кешенінің 32-ші қабатынан сырттағы адамдарға оқ жаудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638785-las-vegastaghy-qandy-qyrghyn-kezinde-iphone.html