RU

Сыныптасымен жанжалдасқан оқушы қыз оның басына қайшы қадап тастады (фото)

Наска қаласындағы мектептердің бірінде оқушының басына қайшы қадалып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Болжам бойынша, 14 жастағы оқушы сыныптасымен жанжалдасып қалған. Сөзге келген оқушы қыз ұл баланың басына қолындағы қайшыны қадай салыпты. Өзге болжамға сәйкес, қыз бала қайшыны оқушыға абайсызда ойнап отырып қадап алған.

Тағы оқыңыздар: Шымкент халқы ұшақ апатынан қаза болған дәрігер Талғат Патсаевпен қоштасты (фото)

Абырой болғанда, қайшы оның миын зақымдап үлгермеген. Дәрігерлер ем көрсеткеннен кейін оқушыны үйіне жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1638826-synyptasymen-zhanzhaldasqan-oqushy-qyz.html